
Аталған байқау кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, үздік авторларды анықтап, қазақ әдебиетінің, руханиятының дамуына ықпал етуді, аудармашыларды, баспагерлер мен кітап дизайнерлерін қолдап, ынталандыруды мақсат етіп отыр. Бәйге 10 аталым бойынша өтеді: «Балаларға арналған үздік кітап», «Үздік комикс», «Нон-фикшн жанрындағы үздік кітап», «Детектив жанрындағы үздік кітап», «Сатира жанрындағы үздік кітап», «Үздік илюстрациялық кітап», «Үздік аударма кітабы», «Фантастика жанрындағы үздік кітап», «Үздік баспа», «Жыл кітабы» Гран-при сыйлығы.
Конкурсқа кейінгі екі жылда жарық көрген туындылар қабылданады. Қабылдау мерзімі 15 қаңтар – 1 сәуір аралығына өтеді.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының бастамасымен «Ұлттық кітап күні» бекітілген еді. Мереке алғаш рет 23 сәуірде атап өтіледі.