Жәдігер • 16 Қаңтар, 2025

Каури моншағын білесіз бе?

50 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Экватор бойындағы мұхит түбінде ғана кез­десетін каури моншақтары Берел мен Шілік­тідегі қазба жұ­мыстары кезінде табылғаны көпті таңғалдырған. Мың­даған шақырым қашықтықтағы мұхитта мекен ететін ұлу­дың бұл қабыршақтары қай­дан келді деген сауал ғалым­дар үшін тың сұрақ болған.

Каури моншағын білесіз бе?

Каури мон­шақ­тары – ежелгі жер­леу орындарынан жиі табылатын ерекше артефактілердің бірі. Каури ұлуының қабыршағынан жасалған моншақтар әсіресе Үнді мұхитында көп кездеседі екен. Ал Берел мен Ші­ліктіге сауда жолдары арқылы жеткізілген деп топшылайды ғалымдар. Демек сауда-саттық ер­те ғасырларда-ақ да­ми бастаған. Сауда де­мек­ші, әуелде каури қабыр­шақтарын адамдар тиын ретінде қолданған. Әсіресе Африка, Азия, және Тынық мұхит арал­дарында каури қабыр­шақтарын қандай да зат сатып алуға жұмсаған. Өйт­кені оның пішіні ерекше, жарқырап тұ­рады. Сондай-ақ ұзақ уа­қыт бойы бүлінбей сақ­талады. Қытайда кау­ри қабыршақтары ең көне ақша ретінде пайдаланылып, кейінірек солардың үлгісі бойынша алғашқы металл тиындар жасалған.

Жоғарыда айтқандай, бұл артефактілер Ұлы Жібек жолы сынды сау­да соқпақтарының бол­ғанын дәлелдейді. Уақыт өте қабықтар ақша айналымынан шығып, құнды әшекей ретінде пайдаланылған. Жерлеу рәсімдерінде бәле-жа­ладан қорғайтын символ ретінде адаммен бір­ге жер­леп отырған. Олар көбінесе сақ, ғұн, түр­кі дәуір­лерінің жерлеу орын­дары мен қо­ныс­та­рынан шығады. Кауридің мәдени-рухани маңызға ие болғанын да көрсетеді.

Ерекше жәдігерлер Бе­рел мен Шілікті ғана емес, Таңбалы мен Есік қор­­­ған­дары сынды тарихи орын­­дардан да табылған. Әлемдік зерттеулерге қа­ра­­сақ, ежелгі Египет пен Қы­­­­тайда да, Африкада да кау­­ри моншақтарын жер­леу рә­сім­­дерінде қолдан­ған.

 

Шығыс Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15