
Фармацевтикалық қызметке лицензия – осы саладағы мамандарға міндетті құжат. Лицензия дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды дайындау, медициналық заттарды көтерме және бөлшек саудада сату, сондай-ақ олардың өндірісі секілді бірнеше қызмет түрлерін қамтиды. Өтінім беруші рұқсат қағазын алу үшін «e-License» порталында өтінімді рәсімдеп, қажетті нысандарды толтырып және біліктілік талаптарына сай екенін растауы керек.
Қызметті пайдалану үшін азаматтар ең әуелі порталға тіркеліп, «Денсаулық сақтау», «Қызметті лицензиялау», «Фармацевтикалық қызмет» бөлімдерін таңдау қажет. Одан соң «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басып, өтінімді ЭЦҚ немесе QR-код арқылы қол қою арқылы жіберу керек.
Лицензияны алу құны 10 айлық есептік көрсеткішті (АЕК) құрайды.
Айта кетейік, 2023 жылы елімізде фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға 906 рұқсат құжаты берілсе, 2024 жылдың басынан бері 691 құжат рәсімделді.
Аталған қызмет Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы, Денсаулық сақтау министрлігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде іске қосылды.