Аймақтар • 18 Қаңтар, 2025

Ауызсу тарифі өсті

220 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазірде еліміздің қалаларындағы коммуналдық қызмет көрсете­тін көптеген кәсіпорын түрлі әрекет ойлап тауып, қызмет баға­сын қалайда арттыруды көздейтіні жасырын емес. Петропавл қа­ла­сы тұрғындарына ауызсу жеткізуші «Қызылжар су» кәсіп­орыны да осы үрдістен қалмауға тырысқан сыңайлы.

Ауызсу тарифі өсті

Сурет: opennews.kz

Кәсіпорын жұмсалған су көлемін есептейтін құралдарда көрсетілген су көлеміне тарифті көбейтіп, су ақысын алуды өзгертетін болыпты. Енді тұрғын үйге тіркелген әрбір адам тұтынған су көлемі есептегіш бойынша артқан сайын тариф те өседі. Мысалы, әрбір адам ай са­йын 3 текше метр су тұтынса, базалық тариф өзгертілмей қолданылады, егер ағызған су 3-тен 5 текше метр­ге дейін артса тариф 20 пайызға, әрбір тұрғынға шаққанда су көлемі 5-тен 10 текше метрге көтерілсе 50 пайызға артады. Егер ағызған су әрбір адамға 10 текше метр­ден жоғары болса тариф екі есе көтеріледі.

Соңғысы жаз айларында аулаларында жеміс-жидек, гүл өсіріп суаратын жекеменшік үйлердің тұрғындарына қиын тиеді. Өйткені ағызған судың көлемі бұл айларда көбейеді.

Бұл өзгеріске кәсіпорынның өзі «дифференциялық тариф» деп айдар тағыпты. «Мақсат – тұр­ғын­дарды суды аз, үнемді жұмсауға да­ғ­ды­ландыру, оның қажеттілігін қар­жылық тұрғыдан ұқтыру» деп жа­зыпты кәсіпорын мамандары өздерінің ресми сайттарында.

Мұның екінші қыры да бар. Бұрын тұрғындар үйге тіркелген адамдар санын аз қылып көрсетуге тырысатын. Өйткені тариф әрбір тұрғын үшін төленетін. Енді адамдар үйіне тіркелген адам санын көбейтіп көрсетуге тырысатын болады. Өйткені жұмсалған су көлемін адам санына бөлгенде ол аз болуы керек, сонда төлем азаяды. Мысалы, жұмсалған 10 текше метр суды 5 адамға бөл­сек, 2 текше метрден ғана келеді. Бұл су ақысы үшін базалық тариф қана қолданылады деген сөз. Ал егер үйде 2 адам ғана тіркелген болса әрқайсы 5 текше метрден су жұмсаған болып, тариф 50 пайыз артады. Қорыта айтқанда, қазақтың «екі есеп, бір қисап» дегеніне саятын әрекет. Сондықтан кейбір тұрғындар мұндай жаңалыққа ешқандай алаңдаушылық білдірмей отыр. Ал халықтың көп нәрсені ұға бермейтін негізгі бөлігі қарсылық танытып, әлеуметтік желіде түрлі наразылық жазып жатыр.

 

ПЕТРОПАВЛ

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15