Президент • 20 Қаңтар, 2025

Президент бас басылымдағы сұхбатқа орай Төлен Әбдікке жеделхат жолдады

661 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің бас басылымы «Егемен Қазақстан» газетінің 10 қаңтардағы санында тілшіміз Қанат Бірлікұлының қазіргі қазақ әдебиетінің ірі өкілі Төлен Әбдікпен сұхбаты жарияланған еді, деп жазады Egemen.kz.

Президент бас басылымдағы сұхбатқа орай Төлен Әбдікке жеделхат жолдады

Фото: Ақорда

Президент осы сұхбатты мұқият оқып шыққанын айтып, қаламгерге жеделхат жолдады. 

«Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатыңызды мұқият оқып шықтым. Өзекті ой-толғамдарыңыз арқылы ұлт руханияты үшін құнды дүниелер айтылған. Төл әдебиетіміздің даму көкжиегіне қатысты сын-пікірлеріңіз бен жас буынға қарата айтқан ақыл-кеңестеріңіз орынды деп санаймын. Шын мәнінде, жаһанды жайлаған қазіргідей құбылмалы заманда жазушылар қауымы көркем туындылары арқылы әділдік, жақсылық және адамдық құндылықтарын кеңінен дәріптегені жөн. Бұл еліміздің келешегі үшін өте маңызды. Қаламыңыз қарымды болсын! Сізге мықты денсаулық, бақ-береке және толайым табыс тілеймін», делінген жеделхатта.

Газетімізде «Төлен Әбдік, жазушы: Көшпелі елдің дамуы тасбақаның аяңына ұқсайды» деген тақырыппен жарияланған материалды мына жерден оқи аласыз. 

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35