
Бағдарлама мекеме ішіндегі бейнебақылауға енгізіліп, адамдардың қозғалысын бақылап, агрессия белгілерін анықтағанда бірден хабарлама арқылы белгі береді. Айсұлтан бұл жобасын информатика пәнінің мұғалімі Данара Тілеумағамбетовамен бірлесіп жасаған. «Мұндай инновациялардың арқасында менің достарым өздерін қауіпсіз сезініп, болашаққа сеніммен қарай алады. Жалпы, бұл құрылғыны мектепте ғана емес, кез келген мекемеде пайдалануға болады», дейді жас өнертапқыш.
Акуланың арғы атасы
Перудегі палеонтологтер шамамен 9 миллион жыл бұрын Тынық мұхитта тіршілік еткен акуланың сүйектерін тапты.
Бұл акула қазіргі ақ акуланың арғы атасы болған деп саналады. Табылған ежелгі балықтың ұзындығы 7 метрге дейін жеткен. Ал тістері 9 сантиметрге жуық. Негізі, Перуде ежелгі алып балықтар сүйегі жиі табылады. «Акуланың толығымен сақталған қалдықтары әлемде өте сирек кездеседі», дейді палеонтолог Марио Урбина.
Су астындағы төрт ай
Неміс инженері су астындағы капсулада 120 күн болып, әлем рекордын жаңартты.
59 жастағы Рюдигер Кох Панама жағасына жақын маңда 11 метр тереңдікте болған. Кабинада теледидар, компьютер, веложаттығу құралы сияқты барлық қажетті нәрсе орнатылған. Айта кетейік, бұған дейінгі рекорд америкалық профессор Джозеф Дит Уриге тиесілі болатын. Ол су астында 100 күнін өткізген еді.