Жоба • 30 Қаңтар, 2025

«Әжелер мектебі»: Саран қаласында ерекше жоба іске қосылды

94 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Саран қаласының білім беру бөлімінің жобасы «Әжелер мектебі» –  аталған қаланың әрбір мектебінде жұмыс істейді, деп жазады Egemen.kz

«Әжелер мектебі»: Саран қаласында ерекше жоба іске қосылды

Фотолар: Қарағанды облысының әкімдігі

Оқу орындарының әкiмшiлiгi мен қамқоршылық кеңесi 10 оқушының әжесін iрiктейдi. Әжелер балаларға шеберлік сыныптарын, дөңгелек үстелдер, дәрістер, т.б. өткізеді. Іс-шаралар жоспары бекітілгендіктен әр кездесуде нақты тақырып талқыланады. Аталған кездесулер Саран мектептерінде тұрақты түрде өткізіледі.

Саран әкімдігінің баспасөз хатшысы Думан Әлімжановтың түсіндіруінше әжелердің балалармен кездесулерінде мықты отбасын құру, мамандықты қалай таңдау, балаларды қалай тәрбиелеу, т.б. тақырыптар арқау болады екен. Мысалы, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері балаларға киізден кәдесыйлар жасауды үйреткен.

Аталған жоба бойынша интерактивті танымдық ойындар да өткізіледі. Кездесулердің бірінде мектеп оқушыларының әжелері түрлі тілдерде ән салып, түрлі ұлттардың дәстүрлі киімдері туралы әңгімелеген.

gov.kz

 

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25