Тағайындау • 04 Ақпан, 2025

Ұлытау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аталған облыстың Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы болып Алмат Саухимов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz

 

Ұлытау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

Фото: sharayna.kz

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше 1985 жылы дүниеге келген Алмат Саухимов Орталық-Азия университетін «Қаржы», Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «Құқықтану» және Шымкент университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмәмдаған. 

Еңбек жолын Сәтбаев қаласындағы «Сәт Сәулет» ЖШС-нің абаттандыру шебері, директор орынбасарының міндетін атқарушы болып бастаған.

2007-2022 жылдар аралығында салық және мемлекеттік кірістер жүйесінде жұмыс атқарды. Оның ішінде Жезқазған қаласы бойынша салық басқармасының бас маманы, Қарағанды облысының Салық департаментінде басқарма басшысы, Жезқазған қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болып қызмет етті.

2022-2023 жылдары Жезқазған қаласы Кеңгір селосының әкімі болды.

2023 жылдан бастап жаңа тағайындауға дейін Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары болған.