Қоғам • 06 Ақпан, 2025

«Қазақстандық арман» ХII CFO Summit-тан басталады

161 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жыл сайын көктемнің қанатына ілесіп  келетін  ХII CFO SUMMIT Алматыда, 5 наурызда, The Ritz-Carltonда  өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz

«Қазақстандық арман» ХII CFO Summit-тан басталады

Фото:digitalbusiness.kz

Экономиканың барлық сегментіндегі көшбасшылары мен сарапшылары қаржы саласындағы негізгі мәселелерді, сын-қатерлер мен мүмкіндіктерді бір платформада талқылайды.

Форумның күн тәртібінде:

  • сараптамалық пікірлер;
  • қаржы индустриясындағы трендтер;
  • нарық көшбасшыларының практикалық жағдайлары талқыланады.

Саммит ашық диалог жүргізуге, жан-жақты тақырыптарға пікір білдіруге және нақты шешімдер табуға мүмкіндік береді. Бұл саммиттің негізгі тақырыбы - «Қазақстандық арман»: ол қалай қалыптасады және оны қалай жүзеге асыру керек? Оны қаржы және экономикалық сектордың жетекші сарапшылары қалай көреді?

CFO SUMMIT XII - болашақ пен даму туралы идеялар нақты қадамдарға айналатын кеңістік.

400-ден астам қатысушы: топ-менеджерлер, үкімет мүшелері, саясаткерлер, мемлекеттік органдар өкілдері мен тәуелсіз сарапшылар қазақстандық арманның орындалуына алғы шарт болатын мүмкіндіктерді бірге талқылайды. 

Форум спикерлері:

  • Игорь Рябенький - AltaIR Capital американдық венчурлік компаниясының негізін қалаушы, тәжірибелі сериялық кәсіпкер және бизнес-періште. AltaClub жасаушысы - бизнес-періштелер клубы;
  • Досым Сәтпаев - саясаттанушы және қоғам қайраткері, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы терең зерттеулердің авторы;
  • Алмас Чукин - Viso Holding инвестициялық компаниясының басқарушы серіктесі;
  • Ғалым Құсайынов - «Teniz Capital Investment Banking» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;
  • Виталий Волянюк - Digital Business порталының тең негізін қалаушы және CEO;
  • Алина Өтемісқызы - «Қазақстан қор биржасы» АҚ Басқарма төрағасы;
  • Ораз Жандосов - «Ракурс Консалтинг Груп» ЖШС және «Eneverse KunKuat» ЖШС-нің тең иесі;
  • Елена Бахмутова - Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрайымы.

Саммитте 3 панельдік пікірталас өтеді: спикерлермен негізгі талқылаудан басқа, біз тәжірибеге тереңдеп, үздіктердің тәжірибесін алғысы келетіндер үшін бірегей форматтар дайындадық! Best Practices - жетекші сарапшылар компанияңызға бейімдей алатын нақты кейстерді бөлісетін сессиялар. Бұл тақырыпқа терең сүңгуге, тәжірибе алмасуға және кәсіпқойлармен тікелей диалогқа арналған кеңістік. C-mentoring - қаржы, экономика және бизнес саласындағы сарапшылардан жеке кеңестер алудың бірегей мүмкіндігі. Тәлімгерлер практикалық шешімдерді табуға және пайдалы байланыстар желісін кеңейтуге көмектеседі.

The Best CFO 2025 жеңімпаздарын марапаттау - Kazakhstan Growth Forum корпоративтік қоры ұйымдастырған қаржы директорларына арналған беделді қазақстандық сыйлық. Биыл байқау үш негізгі санатты қамтиды:

• Қаржы секторы;

• Ірі және орта бизнес;

• Шағын бизнес.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03