
«Бұл – соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіш. Билеттерден түскен табыс та тарихи деңгейге жетіп, 80,8 млн теңге болды. Қазақстанның қуыршақ театры дәстүрлерді сақтап қана қоймай, инновациялар енгізіп, репертуарын кеңейтіп, халықаралық деңгейге де шығып жатыр», дейді театр директоры Алмат Амангелді.
Ал биыл Қуыршақ театры 90 жылдық мерейтойын ауқымды бағдарлама бойынша атап өтпек. Көрерменге жаңа қойылымдар, «Almaty Puppet Festival» үшінші халықаралық фестивалі, сондай-ақ театр мұражайының ашылуы және тарихи кітаптың шығуы жоспарланып отыр. Сонымен қатар театр спектакльдер санын арттырып, бір жылда 1 500 қойылым қоюды, аудиторияны 95 мың көрерменге дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.
Өнер ұжымы биыл төрт премьера – «Орман ғажайыптары», «Наурыз құпиясы», «Менің атым Қожа», «Ортеке» қойылымдарын ұсынады.
Айта кетейік, бұған дейін Қуыршақ театры бірнеше халықаралық фестивальде жүлделі болған.