Сенат • 07 Ақпан, 2025

Сенат жаңа Бюджет кодексін Мәжіліске қайтарды

255 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтіп, онда сенаторлар Бюджет кодексін және оған ілеспе заңды қарады. Сондай-ақ өздерінің депутаттық сауалдарын жолдады.

Сенат жаңа Бюджет кодексін Мәжіліске қайтарды

Бюджет саясатын реформалауға бағытталған

Отырыс барысында депутаттар Қазақ­стан Республикасының Бюджет кодексін және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы» заңды екі оқылымда қарады. Мемлекет басшысының тапсырмасы­мен әзірленген Бюджет кодексі халықара­лық стандарттар мен қазіргі заманғы сын-қатерлерге сәйкес келетін ашық, тиімді және икемді бюджеттеу жүйесін қалыптастыруды көздейді.

Жаңа Бюджет кодексі бюджеттік про­цесті түбегейлі жеңілдетуге, «бюджет­ті бас­қарудан» «нәтижелерді басқаруға» ауы­су арқылы бюджет саясатының үлгі­сін реформалауға, блоктік бюджет эле­мент­терін енгізуге, бюджеттік саясаттың шекті параметрлерін айқындауға және фис­калдық орталықсыздандыруды күшейтуге бағытталған.

Талқылау кезінде сенаторлар заңдар­ды концептуалды түрде қолдап, оларға бірқатар ұсыныс енгізді. Нақты айтқанда, палата депутаттары енгізген түзетулер­дің бірқатары өңірлерді дамытуға және қаржылық дербестікті қамтамасыз етуге ар­налған. Осылайша, ауылдық жерде жайы­лымдардың тозып, шөлейттенуіне байланысты олардың тапшылығының артып келе жатқанын ескере отырып, сенаторлар жайылымдық инфрақұрылым нысандарын дамыту мен реконструкциялауға қара­жат­ты аудандық және ауылдық бюджеттердің шығыстарына жатқызуды ұсынды. Өйткені бұл функциялар «Жайылымдар туралы» салалық заңда көзделген.

Сенаторлар енгізген тағы бір жаңа­шыл­дық қаржыландыру мәселелерінде аналитикалық тәсілді күшейтуге қатысты болды. Бұл монито­рингтеуді, шығыс­тардың тиімділігін бағалауды және мемлекеттік аудиттің қатысуын білдіреді. Қолданылатын салық жеңілдіктерінің тиімділігін объективті бағалау үшін сенаторлар талдамалық есепті қалыптас­тыру кезінде Қаржы министрлігі­не салық төлеушілер қолданған салық жеңілдіктерінің көлемі туралы мәліметтер беруді ұсынды.

Сонымен қатар тұрғын үй-комму­налдық шаруашылық саласындағы бюд­жеттік инвестициялық жобалар бойынша аумақтылығына қарай белгілі бір шектеулер белгіленбейтін болды. Мәселен, жылу электр орталықтарынан қалаға дейін жылу магистралін салу кезінде. Осыған байланысты «шегінде орналасқан» деген сөздерді алып тастау қарастырылған.

Су тасқынының салдарымен күресу және жойқын су тасқыны жағдайында міндеттерді жедел шешу мақсатымен республикалық бюджет шығыстарында су қоймаларын, каналдар мен гидротех­никалық нысандарды дамытуға мемлекеттік кепілдікпен тартылған қарыздар бойынша шығыстарды субсидиялауды көздеу ұсынылады. Осыған орай сенаторлар Су кодексі шеңберінде уәкілетті органның құзыретін аталған бағыттар бо­йынша жобаларды іске асыру үшін субсидиялау және бюджеттен субсидиялар төлеу қағидаларын әзірлеу әрі бекіту құқығымен толықтыруды ұсынды.

Талқылау нәтижесінде сенаторлар осы және басқа да түзетулер енгізіп, екі заңды да Парламент Мәжілісіне қайтарды. Қаралған заңдарға қатысты пікір білдірген Сенат төрағасы мемлекеттік қаржыны басқару жүйесіндегі үрдістер, сондай-ақ фискалдық саясат саласындағы проблемалар елдің бюджеттік үлгісін қайта қарау қажет екеніне дәлел болғанын атап өтті.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын іске асыру мақ­сатымен бюджет саласын түбегейлі ре­фор­малауды көздейтін жаңа Бюджет кодексі әзірленді. Бұл кодекс бюджет сая­сатының тиімділігін, бюджет үдерісінің ашықтығын және оған қатысушылардың жауапкершілігін арттыруды көздейді. Жаңа кодекс аясында өңірлерді теңгерімді дамыту үшін бюджетаралық қатынастар қайта қаралды. Заңдарды қарау кезінде Сенат депутаттары бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын бақылауды қамта­ма­сыз ететін тетіктер мен басқа да бағыттар бойынша түзетулер ұсынды. Жалпы, жаңа Бюджет кодексінің қабылдануы атқару­шы және заң шығарушы биліктердің Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру жолындағы өзара тығыз әрі тиімді жұмысының нәтижесі екені сөзсіз. Қаралған заңдар мемлекеттің фискалды сая­сатын тиімді іске асыруға және еліміздің стратегиялық құжаттарында айқындалған мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді деп сенеміз», деді М.Әшімбаев.

 

Нәтижесіз «Бизнес-Бастау» бағдарламасы

Палата отырысында сенаторлар депу­таттық сауалдарын жолдады. Зәкіржан Кузиев ауыл шаруашылығын толыққанды дамыту үшін аграрлық кластерлер құрудың маңызы зор деп есептейді. Осыған байланыс­ты депутат саланы және аграрлық стартаптарды қолдау мақсатымен Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының базасында бірыңғай оқыту орталығын құруды ұсынды.

«Президент Жолдауын іске асыру аясында Сенаттың Аграрлық комитеті азаматтарды әртүрлі ауыл шаруашы­лығы дақылдарын өсіруге үйрететін орталықтарды құру және олардың жұмыс істеуі мәселелері бойын­ша мүдделі мемлекеттік органдардың басшыларымен кездесу өткізді. Осы бастаманы іске асырудың бір мысалы – Жамбыл облысы Меркі ауданындағы «Агро Сауат» жобасы болып отыр», деп атап өтті сенатор.

Мемлекеттік органдар мен түрлі жобалар арасындағы үйлесімнің төмендігі қосымша проблема тұр. Ол қаржы мен ресурсты тиімсіз пайдалануға әкеліп соғады. Сенатордың пікірінше, «Бастау-Бизнес» сияқты бағдарламалар кейінгі жылдары 12 млрд теңгеден аса көлемде қомақты салымдарға қарамастан тиісті нәтиже берген жоқ. Бұл кешенді қадам жасауды және аграрлық бастамаларды іске асыруды қатаң бақылау қажеттігін көрсетеді.

«Фермер шаруашылықтарын жан-жақты қолдау үшін барлық оқу бағдар­ламасына тексеру жүргізіп, оның нәти­желері бойынша ауыл халқының экономи­калық белсен­ді­лігін арттыруға бағытталған бірыңғай оқыту операторын құру қажет. Бұл оператор қажетті материалдық және ғылыми базасы бар Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының негізінде құрылуға тиіс. Сонымен қатар фермерлерді оқытумен қатар, жоғары сапалы тұқым, көшет және агрохимикатпен қамтамасыз ететін өңір­лік аграрлық кластерлерді қалыптастыру­да маңызды қадам болады. Сондай-ақ өнім­ді өңдеуге қолдау көрсетеді және сатуға көмектеседі», деді З.Кузиев.

 

Жас мамандарға қолдау қажет

Елімізде бірқатар жұмысшы маман­дығы бойынша білікті кадрлардың жетіс­пеушілігі байқалады. Бұл негізгі сала­лардағы өндіріс үдерістерінің тұрақ­тылығына кері әсерін тигізіп тұр. Сенатор Бибігүл Аққожина өз депутаттық сауалында осы мәселені көтерді және оны шешу жолдарын ұсынды. Депутаттың айтуынша, бұл проблема, әсіресе, энергетика, газ, су және жылумен жабдықтау салаларында айқын сезіледі.

«Осы жағдайда оқу орындарын бітір­­гендер үшін кейін кәсіпорындарда жұмыс­қа орналасу кепілдігімен міндетті өнді­рістік тағылымдамадан өту тетігін заңмен бекіту – елімізді білікті кадрлармен қамта­масыз етуге бағытталған қажетті шара. Бұл жас мамандарды тәжірибемен қамта­масыз етуге, жастар арасындағы жұмыс­сыздық деңгейін төмендетуге, түлектер­ді техникалық және кәсіптік білім беру ұйым­дарында оқуды таңдауға ынталан­дыру­ға мүмкіндік береді», деп атап өтті сенатор.

Депутаттың мәліметінше, бүгінде елімізде 772 колледж жұмыс істейді, онда 227 мамандық бойынша 550 мың студент білім алып жатыр. Алайда кадрлар­ды өңір­лер бойынша теңгерімді бөлу мәсе­лесі шешілмеген. Кейбір аймақ­тарда жас мамандардың артықтығы байқал­са, басқа өңірлерде олар тапшы. Сенатор­дың пікірінше, оған колледждер мен кәсіпорындар және жергілікті атқарушы органдар арасындағы өзара тиімді байла­ныстың болмауы себеп болып отыр.

«Осы мәселелерді шешу бойынша еңбек нарығының қажеттіліктерін жедел мониторингтеу үшін жұмыс берушілерді, оқу орындарын және түлектерді біріктіретін бірыңғай цифрлық платформа құруды ұсынамыз. Жұмысшы мамандықтарының жас мамандарына көтерме жәрдемақы төлеу, көшу мақсатында тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік несиелер беру түрінде әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету ұсынылады. Осы бастамаларды заңнамалық бекіту мүмкіндігін, жұмыс кәсіптерінің жас мамандарына қолдау көрсетудің тиісті мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуді қарастыруды сұраймыз», деді Б.Аққожина. 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15