Дін • 08 Ақпан, 2025

Ізгілікке үндеген басқосу

205 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше Шымкент қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақ даласында: Ислам және отбасы құндылығы» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Ізгілікке үндеген басқосу

«Сейітжан қари Есжанұлы» мешітінде өткен конференцияда Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп, мемлекет және қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов, Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Әділбек Кәкімұлы, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, дінтанушы-ғалым Алау Әділбаев, ақын, әдебиетші Абай Қалшабек және өзге де қоғам белсенділері сүбелі сөз сөйлеп, тақырып аясында ұсыныс-пікірлерін білдірді.

«Еліміздегі отбасылық құн­дылықтар халықтың мәдени және әлеуметтік ерекшелігінің маңызды бөлігі екені ақиқат. Өркендеген қоғамның негізі – үлкенге құрмет, болашақ ұрпаққа қамқорлық және отбасылық қатынастағы үйлесім. Отбасы дәстүрін сақтау, оларды жаңа жағдайға бейімдеу үшін қазіргі заман қиындығы мен құбылған кезеңдегі ахуалды ескеру маңызды. Біздің еліміздегі отбасы – ол халықтың тарихы мен дәстүрімен тығыз байланыста бола отырып, дамуды жалғастыратын әлеуметтік құрылымның маңызды бөлігі. Отбасы құндылықтарында ислам әсерінің тамыры терең және ғасырлар бойы қоғамдық қатынастарда өзіндік орны бар. Қазақтың неке мен бала тәрбиесі және үлкенге құрметке қатысты көптеген дәстүрлі әдет-ғұрпы ислам ілімімен тығыз байланысты. Сондықтан ислам қағидалары мен көшпелі өмір салтындағы осы құндылықтар үйлесім таба отырып, қазақ мәдениетінің ерекшелігіне бейімделді», деді Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп.

ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы отбасы өзектілігін ешқашан жоғалтпайтын, замана тұрғанша өміршеңдігін жоймайтын маңызды ұғым екенін атап өтті.

«Алдымен отбасының Алла берген баға жетпес нығмет екенін естен шығармаған жөн. «Сендер үшін өздеріңнен жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіспеншілік пен мейірімділік салғаны – Оның белгілерінің бірі» деп қасиетті Құран Кәрімнің «Рум» сүресінде баяндалғандай, ер мен әйелдің неке одағын отбасы деп атаймыз. Аталған аят отбасының мейірімділік пен сүйіспеншілікке негізделгенін көрсетеді», деді Бас мүфти.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15