
Фото: СҚО прокуратурасы
Бұрын жердің құнарлылығын тексеру үшін инспекторлар сонда барып тексерген. Барлық жұмыс қағаз арқылы жүргізілген. Вице-министр бұл кезеңде мемлекеттік базалар арасында байланыс болмағанын айтты.
Қазір бұл үрдіс цифрландыру көмегімен жеңілдетіліп, «Жер инспекторы» жүйесі іске қосылған.
«Қазір 116 млн га ауыл шаруашылығы жерлерінің мониторингі жүргізіліп жатыр. 2022 жылдан бастап жерді тиімсіз пайдалану салдарынан 12 млн га жер мемлекет меншігіне қайтарылды. 2025 жылы тағы 2 млн гектар жерді қайтару жоспарланған Жергілікті тұрғындар үшін 5 млн га ауыл шаруашылығы жерлері қайта бөлінді», деді Дмитрий Мун.