Спорт • 12 Ақпан, 2025

Мергендердің жаһандық жарысы

97 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пәкістанның Лахор қала­сында жамбы атудан әлем кубогінің іріктеу кезеңі өтіп жатыр. 7 ақпанда басталған жаһандық дода ертең аяқталады.

Мергендердің жаһандық жарысы

Бұл сынға елімізден Бақдәу­лет Бабажан, Ақәділ Пернебай, Үсен Ақберен, Мәрлен Өсер­бай қатысып жатыр. Мерген­дер ұйымдастырушылар тарапынан берілген аттарды таңдап алды. «Азия» стилі бойынша өткен сайыста Бақдәулет Бабажан күміс, Үсен Ақберен қола медаль жүлде олжалады. Ұлттық құраманың бас бапкері Елдос Бадашев жігіттер алдағы сайыс­тарда да жүлде иеленетініне сенім білдірді.