Таным • 13 Ақпан, 2025

Ғалам ғажаптары: Сәтті стратегия

53 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1999 жылы Аустралиядағы Джи­лонг қаласының футбол команда­сы қаржылық қиындыққа тап болды. Бірақ клуб басшылығы осынау күрмеуі қиын мәселені маркетинг арқылы шешті.

Ғалам ғажаптары: Сәтті стратегия

Команда капитаны Гарри Хокинг ойлана келе, өз есімін «Вискас» деп өзгертеді. Не үшін екені түсінікті. Аталған компания бұларға қаржылық қолдау білдіреді. Солай болды да. Өйткені ойын барысында комментаторларға «Вискас алаңға шықты», «Вискас пас берді», «Вискас гол соқты» деп айтуға тура келді. Сәтті стратегияның арқасында, брендтің танымалдылығы күрт шарықтап кетті. Осылайша, қысылтаяң шақтағы ұтымтал шешім компанияны да, клубты да өрге шығарды.