Аймақтар • 14 Ақпан, 2025

Мұз өткелдеріне мән берілсе...

55 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Павлодар облысында бес мұз өткелі ашылды. Олардың барлығы Ертіс өзені үстінде орналасқан. Өткелдер Май, Аққулы, Тереңкөл аудандарында пайдалануға беріліп, мұз үстінде жаяу жүргіншілермен қоса, автокөліктер де қозғала бастады. Мамандар қозғалыс ережелері мен қауіпсіздік шараларына сақ болуды ескертеді. Себебі жергілікті атқарушы органдар оларды арнайы қалқандармен, құтқару құралдарымен қамтамасыз етпеген.

Мұз өткелдеріне мән берілсе...

Суреттер Павлодар облысы тө­тенше жағдайлар департа­ментінен алынды.

«Өткелдердегі мұздың қа­лыңдығы 40-тан 70 сантиметр­ге дейін жетеді. Ішкі істер министрлігінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы №34 бұйрығына сәйкес, мұздың қалыңдығы 25 сантиметрден асса, авто­кө­ліктердің өтуіне, 10 сантиметр­ден асса, жаяу адамның жү­руіне рұқсат беріледі. Бір­ақ бұй­рықта өткелдерден түсе­тін жерлерде екі жақтан да орна­тылған қалқандарда арнайы қысқы құрал-жабдықтар (ілгек­тер, сатылар, құтқару шең­бер­лері, бөренелер) қойылуы ке­ректігі ескертілген. Бұған қоса кіреберістерде өткелдің атауы, жұмыс уақыты, оны құру мен ұстауға жауаптылардың де­рек­тері көрсетілген маңдай­шалар орнатылады. Әрі ол жер­дегі мұздың қалыңдығы күніне ­2 рет өлшенуге тиіс. М­аман­дары­мыз ашылған өткел­дерді шолып шығып, тиісті жағдай жасалмағанына көз жеткізді. Атқарушы органдарға ескерту жасап, прокуратураға хат жол­дадық. Заң бойынша, шағым түспейінше немесе тапсырма берілмейінше, өз бетімізбен тек­серіс жүргізе алмайыз. Егер құзырлы орган рұқсат етсе, тек­­серісті бастаймыз әрі тиісті шаралар қабылдаймыз», дейді өңірлік төтенше жағдай­лар департаменті азаматтық қорға­ныс басқармасы бастығы­ның міндетін атқарушы, подполковник Ерлан Қасымов.

Аймақтағы мұз жолдары­ негізінен мал азығы мен отын тасуға пайдаланылады. Қа­зір Май ауданының Баскөл, Аққулы ауданының Ямышев, Тереңкөл ауданының Терең­көл, Береговой, Песчан ауылда­­рын­да өткелдер жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта Тереңкөлде тағы біреуі ашылады деп жос­парланған.

ва

Е.Қасымов аймақтағы мұз өткелдерінің саны өткен жылмен салыстырғанда едәуір аз екенін айтып өтті. Былтыр 13 мұз өткелі болған.

«Арқа даласында биыл жыл­дағыдай аяз жоқ, соған сай Ертіс өзенінің ортаңғы тұс­тарында мұз қатпаған жағ­дай жиі кездесіп отыр. Әрі өзенге Ақсудағы жылу-электр стансасынан шығатын жылы ағыс құяды. Ол да мұздың жет­кілікті қатпауына әсер етеді. Өткелдерде мұз нормаға сай келмесе, талапқа сай жарақталмаса, адамдар мен автокөліктерді өткізуге болмайды. Ондай мұз жолдарында қауіп кез келген сәтте туындауы ықтимал», дейді маман.

Төтенше жағдай қызмет­керлері мұз үстіне көлік­пен шыққанда баяу жүру керек­тігін, тежегішті бірден баспау керектігін ескертеді. Мұз­да тоқ­­тауға, бұрылуға, өзге ав­то­көлікті басып озуға болмайды. Мұз үстінен өтпес бұрын жолау­шыларды түсіріп, қауіпсіздік белдігін шешіп тастау керек. Жүргізуші жақтағы есікті ашық қалдырған дұрыс. Рұқсат етілмеген жерлерде балық аулау­ға, шұңқырлар жасауға, мұз үстіне шығуға болмайды.

 

Павлодар облысы 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15