Құқық • 14 Ақпан, 2025

АҚШ азаматтығын алған ер адам ауқымды айыппұл төледі

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда тұратын ер адам АҚШ елінің азаматтығын алғаны туралы тиісті органдарға ескертпеген. Сот ер адамды кінәлі деп таныды, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ азаматтығын алған ер адам ауқымды айыппұл төледі

Қазақстанда қос азаматтыққа заң жүзінде тыйым салынған. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Ертіс-Баян өңірінде 1387 адамға қатысты ҚР азаматтығынан айыру тіркелген. Оның 1362-сі өзге мемлекеттің азаматтығын қабылдағанын дербес түрде хабарлаған. Алайда кейбір адамдар өздерінің басқа елдің азаматы екенін жасыратын немесе уақытында хабарламайтын жайттар кезігіп отыр.

«Мысалы, полицейлер көрші мемлекеттің азаматтығы бар 54 жастағы Қазақстан Республикасының азаматын анықтады. Материал сотта қаралып, оның шешімі бойынша Железин ауданының тұрғыны елден шығарылды. Сот азаматтың Қазақстан аумағына кіруіне бес жылға тыйым салды», деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаментінен.

Тағы бір жағдайда ер адам АҚШ азаматтығын қабылдап, ол туралы тиісті органдарға хабарламаған. Сот ер адамды кінәлі деп танып, шамамен 800 мың теңге сомаға әкімшілік айыппұл салды.