
Мария Хаджиева жұма күні Joining Tabadul Digital Hub конференциясында шығарылған корпоративтік облигациялардың жалпы көлемі ЖІӨ-нің 11%-ын құрап, $26 млрд жеткенін айтты.
Орта есеппен алғанда, жыл сайын нарыққа 30-ға жуық жаңа акциялар мен облигациялар эмитенті шығады. Ал KASE сауда тізіміндегі құралдардың жалпы саны 1 904.
«Банктердің қор нарығына қатысуы бойынша мүмкіндіктерінің кеңеюі шоттарының саны 3,5 млн-ға жеткен бөлшек инвесторлардың айтарлықтай өсуіне алып келді», деп атап өтті KASE басшысының орынбасары.
Бүгінгі таңда негізгі институционалдық инвесторлар банктер, сақтандыру ұйымдары, БЖЗҚ және эндаумент қорлары болып табылады, олардың инвестициялық портфелі $63 млрд. Ақпарат бойынша, соңғы бірнеше жылда «KEGOC», «Қазатомөнеркәсіп», «ҚазМұнайГаз» және «Air Astana» ұлттық компанияларының IPO өткен жергілікті инвесторлардың ішкі сұранысы ұсыныстан екі есеге асып түсті.
«Қаржы секторы елдің экономикалық өсімін ынталандыруда маңызды рөл атқарады. Қаржы ұйымдары активтерінің жалпы көлемі ЖІӨ-нің 55% -ын құрап, $134 млрд-қа жетті», деп қортындылады Хаджиева.