Спорт • 17 Ақпан, 2025

Судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің қысқы спартакиадасы өтті

85 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жоғарғы Сот, Судьялар одағының Жоғарғы Сот және Астана қаласы бойынша филиалдары, сондай-ақ Астана қалалық соты судьялар мен сот қызметкерлерінің қысқы спартакиадасын өткізді, деп жазады Egemen.kz.

Судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің қысқы спартакиадасы өтті

Жарыстың ашылу салтанатында Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев пен Астана қалалық сотының төрағасы Ақан Жұмағұлов қатысушыларға спорттық бәсекеде жеңіс тіледі.

А.Мерғалиев бұл турнир қатысушылардың спорттық рух пен салауатты өмір салтын ұстануын нығайта түсетініне сенім білдірді.

Шаңғы жарысына елордалық соттардың 50-ге жуық судьясы мен Сот әкімшілігінің қызметкерлері қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, қатысушылардың жеңіске деген ерік-жігерлері атап өтілді.

Жарысқа қатысушылар, арқан тарту және доппен ойындар бойынша өзара бәсекеге түсті.