Мәдениет • 17 Ақпан, 2025

AlmaU-да көрнекті фольклортанушының кітапханасы ашылды

110 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Көрнекті фольклортанушы және түрколог Едіге Тұрсыновтың жеке кітапханасы Open Library Almaty Management University-де ашылды, деп жазады Egemen.kz.

AlmaU-да көрнекті фольклортанушының кітапханасы ашылды

Кітаптарды университетке ғалымның қызы Қарлығаш Тұрсынова сыйға тартты. Іс-шара Open Library AlmaU, «Аспандау» ғылыми-білім беру қоры, «Адырна» ұлттық этнографиялық бірлестігі және «Жолшы» философиялық қоғамының қолдауымен «Дала ілімі» түркі ғылыми семинары аясында ұйымдастырылды.

Кездесуді көрнекті ғалым туралы жылы әңгімелер мен естеліктермен бастаған модератор,PhD, «Жолшы» философиялық қоғамының төрағасы Нұржан Құлымжанов ғалымның әдіснамасы эпостану, этномузыкология, этнография, этнопсихология, фольклортану менәдебиеттанудың дамуына айтарлықтай әсер еткенін атап өтті.

Кітапхананың ашылуына қатысқан AlmaU Президенті Асылбек Қожахметов «Едіге Тұрсынов өз өмірін қазақ ауыз әдебиеті мен фольклорын зерттеуге арнаған көрнекті зерттеуші.Кітапханамыз оның көп жылғы еңбектері мен ғылыми ізденістерінің нәтижелері жиналатын орынға айналады. Қазіргі уақытта AlmaU қорына Едіге Тұрсыновтың жеке кітапханасынан 915 кітап келіп түсті, тағы 800-ден астамы тіркеліп жатыр», - деп атап өтсе, тарих ғылымдарының докторыМарат Сембиннің айтуынша, еліміз тәуелсіздік алғанға дейін қиын кезеңдерді басынан өткерген ғалым табандылығы мен білімге деген құштарлығының арқасында артында мол мұра қалдырды. Ал осынау құнды еңбектер жастардың тарихи және әдеби дереккөздермен танысуына кеңінен мүмкіндік береді.

Филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, түркітанушы және аудармашы Қайрат Жаңабаев «Едіге Тұрсынов ғажайып оқырман болды. Ғылыми баспадан шыққанның бәрін кейінге қалдырмай, қарындашпен белгілер, сын-ескертпелер, толықтырулар қойып, бірден оқитын. Ол өзінің кітапханасы үшін де, болашақ оқырмандары үшін де ең жақсы ғылыми әдебиеттерді таңдауға кәсіби көзқараспен қарады»дейді. Ал философия ғылымдарының докторы, мәдениеттанушы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Альмира Наурызбаева атап өткендей: «Едіге Тұрсынов қазақ фольклорының шынайы байлық екенін түсінуге шабыттандырды. Біз сияқты өткен ғасырдың 70-жылдары ұрпақтарын мәдени мұраны құрметтеуге үндеді. Ол фольклорды зерттеуде ғана емес, Қазақстанның барлық әлеуметтік-гуманитарлық ғылымының әдіснамасында серпіліс жасаған ғалым».

«Ол – халықтың генологиялық жадын өзіне қайтарған ғалым. Ұлы ғалымның мұрасы кеңестік дәуірде алғаш рет дала туралы білім фольклор, мифтер мен эпостар арқылы зерттелгендігімен ерекшеленеді. Бұл ежелгі тарих пен тілді зерттеуге жол ашты» дейді журналист-филолог, «Мысль» қоғамдық-саяси журналының қызметкері Дастан Елдесов. Ал ғалымның зиратына ескерткіш тас орнатуда бастамашылардың бірі болған «Адырна»ұлттық-этнографиялық бірлестігінің басшысы Арман Әубәкірдің айтуынша, қалалық кітапханалардан табыла бермейтін құнды еңбектерді Едіге Тұрсыновтың үйінен табуға болады. 

Іс-шара музыкалық, театрлық қойылымдармен жалғасты.  Халық әртісі Санат Исаев дәстүрлі қазақәндерін орындаса, студенттер ғалымның еңбектері мен мұрасына арналған театрландырылған қойылымдар көрсетті.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Кеше

Жезді жәдігерлері

Көрме • Кеше

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Кеше

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Кеше

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше