
Аталған бағдарлама аясында сотталғандар арнайы бекітілген тізімі бойынша кітап оқып, кейіннен емтихан тапсыру арқылы әр оқылған кітап үшін жазасын үш күнге қысқарта алады.
«Көркем әдебиетті оқу сотталғандарға өз сезімдері мен эмоцияларын түсінуге ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы басқа адамдардың да сезімдері мен көзқарастарын, олардың өмірге деген ұстанымдары мен ұмтылыстарын ұғынуға көмектеседі», дейді елдің ішкі істер министрінің орынбасары Рамазон Ашрапов.
Оның айтуынша, Өзбекстандағы 49 түрменің барлығында кітапханалар бар, онда 230 мыңнан астам кітап қоры жинақталған. Оның ішінде 44,7 мыңнан астамы – шетелдік шығармалар.