Қоғам • 18 Ақпан, 2025

Саламаттылық шарасы

60 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астана қаласында «Taldau Run» спорттық жүгіру жарысы өтті. Спорттық іс-шараға Сарап­шылар клубының мүше­лері, Сенат жанындағы «Талдау мектебінің» түлек­тері және саламатты өмір салтын дәріптеп жүрген бел­сенді азаматтар қатысты.

Саламаттылық шарасы

Сенат төрағасы Мәулен Әшім­баев жарысқа қатысушыларға ілти­пат білдіре келіп, Мемлекет бас­­шысы Қазақстанда спортты дамы­туға үлкен көңіл бөліп отыр­ға­нын атап өтті. Спорт – елімізде қол­ға алын­ған ауқымды әлеуметтік сая­сат­тың маңызды бағыттарының бірі. Со­ның аясында бұл саланы ілгері­лету­ге қажетті жағдай жасау үшін ке­шен­ді шаралар қабылданып жатыр.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде спортты дамытуға әрдайым баса мән беріп келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен бұл бағытта жүйелі жұмыс атқарылып жатыр. Қазақстанның барлық өңірінде кәсіби, бұқара­лық және инклюзивті спортты дамытуға арналған маңызды жобалар сәтті жүзеге асырылып жатыр. «Талдау мектебінің» ұйыт­қы болуымен өткен іс-шара сол саладағы бастамаларға қосылған айтарлықтай үлес екені сөзсіз», деді М.Әшімбаев.

Сонымен қатар Қытайдың Харбин қаласында ІХ Қысқы Азия ойындары аяқ­талғаны, онда отандастарымыз жарқын жеңістерге қол жеткізгені сөз болып, бұқаралық спортты да­мытуды көздейтін жобаның осындай үлкен спорт мерекесімен тұспа-тұс келуінің рәміздік мәніне назар аударылды. Осыған байланысты Мәулен Әшім­баев алдағы уақытта «Taldau Run» жүгіру жарысы «Талдау мек­тебі­нің» қатысушылары үшін игі дәс­түрге және маңызды нетвор­кинг­­ке айналатынына сенім білдірді.

Сондай-ақ спикер «Талдау мектебінің» төртінші кезеңінің аяқталуына небәрі екі апта уақыт қалғанын тілге тиек етті. Сондықтан идеяларды бірлесіп талқылау, ұсыныстар мен бас­тамаларды әзірлеу үшін әрбір кездесуді белсенді және сапалы пайдаланудың маңызы зор. Айта кетейік, «Талдау мектебі» жобасы мемлекеттік басқаруда, әлеуметтік және гуманитарлық зерттеулерде, БАҚ-та аналитикалық тәсілдерді күшейтуді көздейді.