Саясат • 19 Ақпан, 2025

Дипломатиялық байланыс нығая береді

80 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Астанаға ресми сапармен келген Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийяртомен келіссөздер өткізді.

Дипломатиялық байланыс нығая береді

Сурет: aikyn.kz

Тараптар ортақ тарихи тамырлар мен дәстүрлі достыққа негізделген стра­тегиялық серіктестікті терең­детуге бейілділігін қуаттап, екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәсе­лелерін талқылады. Атап айт­қан­да, саяси, экономикалық, энер­гетикалық және мәдени-гумани­тарлық өзара іс-қимылдың басым бағыттары қаралды.

Сыртқы істер министрлері 2024 жылғы қарашадағы Қазақстан Прези­денті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Будапештке сапары және 2023 жылғы қарашадағы Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанның Астанаға сапары қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады.

Келіссөздер барысында сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейтуге ерекше назар аударылды. Былтыр тауар айналымның көлемі 4,4%-ға өсіп, 200 млн долларға жуықтады. Тараптар сауда айналымын 1 млрд долларға дейін ұлғайту бойынша мемлекет басшылары қойған мақсатқа жету үшін қосымша шаралар қабылдауға уағдаласты.

Қазақстан экономикасына құйылған мажарлық тікелей инвестициялар көлемі 370 млн доллардан асты. Қазіргі уақытта жалпы құны 700 млн доллар болатын 16 бірлескен жоба іске асырылып жатыр. Оның ішінде энергетика және өнеркәсіп секторларында маңызды жобалар бар. Мәселен, мажар «MOL» мұнай-газ компаниясы Батыс Қазақстандағы ірі газ-конден­сат кен орны «Рожковское» кенішін игеруге 200 млн доллар инвес­тиция салды. «Globalia» компания­сы Қазақстанның бірнеше өңірінде күн электр стансаларын салып жатыр. Ал «UBM» холдингі биыл 62 млн долларлық үш құрама жем зауытының құрылысын бастайды.

Сұхбат шеңберінде экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған маңызды бастамалар да қарастырылды. Атап айтқанда, Қазақстанда мажар банктердің филиалдарын ашу, Будапештте мультимодальды жүк терминалын салу, Қазақстан мұнайының Мажарстанға жеткізілімін арттыру, сондай-ақ уран мен стратегиялық маңызы бар минералдарды экспорттау мәселелері талқыланды. Осы бағыттағы маңызды қадам бірлескен Инвестициялық қорды жақын арада құру болмақ.

«Мажарстан – біз үшін бауырлас мемлекет, біз онымен стратегиялық серіктестікке ерекше мән береміз. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты нақты әрі тиімді нәтижелермен байытуға ұмтыламыз», деді М.Нұртілеу.

Өз кезегінде мажар министрі Будапешттің Астанамен саяси ғана емес, экономикалық, инвестициялық және мәдени салаларда да екіжақты қатынастарды тереңдетуге ниетті екенін растады.

«Біз Қазақстанмен ынтымақтас­тықты кеңейтуге дайынбыз және бұл екі елге де үлкен пайда әкелетініне сенімдіміз», деді П.Сийярто.

Олар ғылым және білім саласын­дағы ынтымақтастықтың маңызына да мән берді. Мажарстан жыл са­йын қазақстандық студенттерге 250 білім грантын ұсынады. Қазіргі таңда мажар университеттерінде 1000-ға жуық студентіміз білім алып жатыр.

Сонымен қатар 2025 жылғы мамыр айынан бастап Шымкент пен Будапешт арасында тікелей әуе рейсі ашылады. Бұл бауырлас халықтар арасындағы байланыс­тарды одан әрі нығайтып, түрлі салалардағы ынтымақтастыққа жаңа мүмкіндіктер туғызады.

Келіссөздер аясында тараптар өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде Еуропа мен Таяу Шығыстағы қақтығыстар жөнінде пікір алмас­ты. М.Нұртілеу Қазақстанның БҰҰ Жарғысының қағидаттарына, сондай-ақ еліміздің тек бейбіт жолмен шешуге бағытталған теңгерімді және прагматикалық сыртқы саясатқа берік екенін растады.

Министрлер сондай-ақ БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да көп­жақ­ты ұйымдар аясындағы ынты­мақтастықтың келешегін талқылады. Мажарстанның Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) жұмысына белсенді қатысуын ерекше атап өткен тараптар Будапештте өтетін алдағы бейресми ТМҰ саммитінің ортақ түркі мұрасымен байланысқан елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам болатынын жеткізді.

Келіссөздер қорытындысы бо­йынша дипломатиялық академия­лар арасындағы әріптестік және мажар тілін оқыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморан­думдарға қол қойылды. 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15