
Сурет: centralasia.media
Қаза болған әрбір кеншінің балалары барын ескере отырып, олардың отбасыларына асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады. Жәрдемақы мөлшері қайтыс болған асыраушысының асырауындағы адамдардың санына және ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты.
Жәрдемақының бұл түрі 8 жасқа дейінгі баласы бар жұмыссыз үш анаға да беріледі.
Қаза тапқан кеншілердің барлығы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болғандықтан, олардың отбасына мемлекеттік жәрдемақыдан бөлек, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдер тағайындалады.
Осылайша, асырауындағы бір адам үшін бюджеттен төленетін жәрдемақы мөлшері – 42 530 теңгені, ал МӘСҚ-дан төленетін төлемдер – 141 523 теңгені, асырауында бес адам болса, жәрдемақы мөлшері – 127 127 теңгені және МӘСҚ-дан төленетін төлемдер 335 017 теңгені құрайды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, төлемдер балалары 18 жасқа толғанға дейін, ал олар жоғары оқу орындарында күндізгі бөлімде оқыған жағдайда 23 жасқа дейін төленеді.
Сондай-ақ қаза тапқан кеншілер отбасыларының барлығы «БЖЗҚ» АҚ-дан 369 608 теңге (94 АЕК) мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем алуға құқылы.
Сонымен қатар жұмыс беруші компания қаза тапқандардың отбасыларына ұжымдық шартта көзделген барлық қажетті көмекті көрсетеді:
- Жерлеу рәсімін ұйымдастыру үшін 550 АЕК мөлшерінде төлемдер (2 162 600 тг);
- Қайтыс болған адамның отбасына жылдық орташа жалақының 10 еселенген мөлшерінде төлем. Орташа алғанда бұл – 84 млн-нан 124 млн теңгеге дейін;
- Асыраушысынан айырылу бойынша ай сайынғы төлемдер;
- Балалардың оқу ақысын төлеу;
- Қаза тапқан жұмысшылардың несиелері мен қарыздарын өтеу.