Қоғам • 21 Ақпан, 2025

Балықшылар жарысы

45 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Самар ауданында туризмді дамыту мақсатында қысқы балық ­аулаудан жарыс өтті. Самар Ертістің жағасын жайлаған аудан болғанымен, мұз үстінде балық аулау сайысы мұнда бірінші рет ұйымдастырылған. Ересектермен бірге мектеп оқушылары да мұз ойып, қармақ салды.

Балықшылар жарысы

Суретті түсірген – автор

Сенбінің таңында Самар аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметкер­лері мұз үстінде қармақ салып отырған демалушыларды өзара сайысқа түсуге шақырған. Ниет білдіргендердің барлығына әуелі жарыстың ережесі түсіндірілді. Яғни бір сағаттың ішінде кім көп балық аулайды, сол жеңіске жетеді. Ауланған ба­лықтар санымен емес, салмағымен өлше­неді. Сонымен қатар балық қай қа­тысушының қармағын бірінші қабады, оған да арнайы сыйлық қарастырылған. Ең үлкен балық ұстаған қатысушы да құр қайтпайды деп шешілді. Сөйтіп, бір сағат уақыт белгіленіп, балықшылар әр-әр жерге шоқиды. Бақ сынауға кіріскен балықшылардың ең үлкені 72 жастағы Вера Дмитриева болса, ең жасы 5-сынып оқушысы Төрежан Ералы еді.

– Балық аулау – жан тыныштығы. Күн­делікті күйкі тірлікті бір сәтке ұмыт­тырады. Ал осыны кереметтей жарысқа ұластырып жатқан азаматтарға алғыс айтамын, – дейді балықшы Әмірхан Ыхай.

Әп-сәтте белгіленген уақыт аяқталып, қазылар алқасы аулан­ған балықты есеп­теуге кіріскен. Қорытынды бойынша, жа­рысқа белсене қатысқан бір үйдің балалары Төрежан Ералы мен Ержан Ералы «Ең жас қатысушы» аталымымен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Жүлделі үшінші орын Жандос Қайырбековке бұйырды. Ал екінші орынға бір орынды тапжылмай қармақ қап­тырған Андрей Эккель иеленді. Бір сағаттың ішінде жалпы салмағы екі кило балық аулаған Әмірхан Ыхай бірінші орынды қанжығаға басты. Айтылған­дай, байқау мұны­мен аяқталмайды, алдағы уақытта да жал­ғасын табады. Суды жағалай жат­қан көр­шілес аудандар да жарыс­ты бір­ле­сіп ұйымдастыруға ұсыныс білдіріп отыр.

 

Шығыс Қазақстан облысы,

Самар ауданы

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15