Шаруашылық • 21 Ақпан, 2025

Павлодарлық фермерлер сәбіздерін сата алмай отыр

103 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Павлодарлық фермерлердің өткен күзде жинаған сәбіз­дері әлі күнге сатылмай қоймада сақта­лып тұр. 50 мың тонна өнімнің алды бұзыла бастаған. Көкөніс өсірушілер отандық нарықты Ресейдің арзан өнімі жайлап алғанына наразы.

Павлодарлық фермерлер сәбіздерін сата алмай отыр

Сурет: halyq-uni.kz

Ертіс-Баян өңірінің кө­көніс өсіруші­лері былтыр 176 мың тонна сәбіз жинапты. Бұл көлем еліміздің барлық өңірін қамтуға жеткілікті. Алайда әлеуметтік желіде павлодарлық фермерлер өз өнімдерін еліміздің оңтүстік өңірлеріне жібере алмай отырғанын, себебі Ресейдің арзан көкөнісі аймақтарды жау­лап алғанын жазып жатыр. Өндірушілер сәбіздің килосын тіпті 65–85 теңгеден өткізе алмай отырмыз деп мұң шағады. Әлеуметтік желіде тарап кеткен бейнежазбадан көкөніс сақтау қоймаларында тау-тау болып үйіліп жатқан сәбіздің бұзыла бастағанын көруге болады.

Агроөнеркәсіп кешеніндегі аумақтық инспекцияның ресми мәліметіне сүйенсек, Павлодар облысына өзге мемлекеттерден сәбіз әкелінбеген.

«Өңірлік Ауыл шаруа­шылығы басқар­масының мамандары «Рахмет» базарына мониторинг жүргізіп, ондағы сәбіздің жергілікті көкөніс өсірушілерден ғана келіп түсетінін анықтады. Фермерлердің қоймаларында сәбіз баршылық. Ауыл шаруа­шылығы басқармасы өнімді сыртқа сатуға көмек көрсету туралы Ауыл шаруашылығы, Сауда және интеграция ми­нис­тр­ліктеріне, облыс әкім­дік­­тері мен әлеуметтік-кәсіп­кер­лік корпорацияларына хат жаз­ды. Онда сәбіздің көле­мі мен шаруа қожалықтары­ның бай­ланыстары көрсетіл­ген», деп хабарлады Павлодар об­­­лы­сы әкімінің баспасөз қызметі.

Ауыл шаруашылығы бас­қармасы бас­шы­сының орын­­басары Төлеген Көшер­баев жағдайдың мұндай болатынын жыл басында-ақ болжаған едік дейді. Жауапты ведомстволарға хат жазылға­нымен, нарықта әзірге өзгеріс байқал­майды. Шаруалар былтыр жинаған өнімнің 100 мың тоннасын ғана сатып үлгерген.

«Өкінішке қарай, Павло­дар, Ақтоғай, Железин аудандары мен Ақсу қаласының ауылдық аймағындағы көкөніс сақтау қоймаларында 50 мың тонна сәбіз қалып отыр. Өңір тұрғындары бір жылда шамамен 17 мың тонна, оның ішінде қыс пен көктем кезеңінде 10 мың тонна сәбіз тұтынады. Жергілікті нарықтағы өнімнің барлығы өзіміздікі», дейді мекеме өкілі.

Шаруалар Үкімет өзге ел­дермен бай­ланыс орнатып, шұғыл түрде экспорт мәсе­лесін шешіп берсе деген ті­лек айта­ды. Болмаған жағ­дайда, өнім күн жылы­на бұзы­лып, тұтынуға жарамсыз бо­лып қалады. Қазірдің өзінде қойма­лар оларды ірік­теуге көшкен. Айтпақ­шы, көр­ші елдің ресми ақпарат құрал­да­рына құлақ түрсек, қаңтарда Ресейдің Волгоград облысынан 880 тонна сәбіз елімізге сатылған. Ал 2024 жылы Өзбекстан Қазақстанға 50 мың тоннадан астам сәбіз экспорттаған. Бір ғана Павлодар облысы рес­публикада өсіп шығатын сәбіз­дің 40 пайызын беріп отыр­ғанын айтуымыз керек. Ал ол көлем ел халқының сұра­­ны­­сын артығымен орындайды.

Бірақ баға жағынан алғанда Ресейдің өнімі отандық өнім­нен арзан. Көршілерде кар­топ­тың көтерме бағасы – 11 рубль (61 теңге). Соған орай отан­­дық өнім ірі дүкендер желі­сі­нен тықсырылып қалып жатыр.

 

Павлодар облысы 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15