Қоғам • Бүгін, 13:40

Тұтынушыларға тегін тамақ таратқан дәмханаға айыппұл салынды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда Алатау қаласының Жетіген шағын ауданында орналасқан дәмханалардың бірінің әкімшілігі мекеменің ашылуына орай іс-шара өткізген, деп жазады Egemen.kz.

Тұтынушыларға тегін тамақ таратқан дәмханаға айыппұл салынды

Фото: Ашық дереккөзден

Іс-шара барысында келушілерді тарту мақсатында тегін роллдар мен торттар таратылған. Акция жексенбілік жәрмеңкенің өту уақытымен тұспа-тұс келіп, бұл өз кезегінде азаматтардың көптеп жиналуына себеп болған.

Тұрғындарға шақырулар дәмхана клиенттеріне SMS-хабарлама арқылы жіберілген. Тексеру нәтижесінде іс-шараның Алатау қаласы әкімдігімен келісілмегені анықталды. Сонымен қатар дәмхана әкімшілігі көпшілік жиналған орындарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тиісті шараларды атқармаған.

«Мекеме иесіне қатысты әкімшілік іс қозғалды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 443-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету талаптарын бұзғаны үшін кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды», деп хабарлады Алматы облысының Полиция департаменті.