Экология • 24 Ақпан, 2025

Жастар саябақтарды қоқыстан тазартты

55 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасып жатыр. Жастардың белсенділік танытуымен өңірдің бірқатар аудандарында саябақтар қоқыстан тазартылды, деп хабарлайды Egemen.kz 

Жастар саябақтарды қоқыстан тазартты

Облыс орталығы Тараз қаласындағы Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябаққа жиналған ерікті жастар қап-қап қоқыс жинап, арнайы орындарға апарып төкті.

«Шаһар тұрғындары экологиялық мәдениетті сақтаса дейміз. Әрбір азамат қала тазалығы үшін жауапты екенін сезінгені ләзім. Жастар бұл акцияға қай кезде де белсенділікпен қатысып жүр. Осы жылы да жұдырықтай жұмылатынымыз анық», дейді экологиялық акцияға қатысушылардың бірі Дархан Байпақ.

Өңір жастарының ұйымдастыруымен өткен экологиялық акцияға Байзақ, Жамбыл аудандарының жастары да үлес қосты. Атап айтсақ, Жамбыл, Меркі, Байзақ аудандарындағы орталық саябақтар да қоқыстан тазартылды.

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше