Архив • 25 Ақпан, 2025

Құндылықты сақтайтын орын қат

60 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ертіс-Баян өңіріндегі мемлекеттік архивтерде жалпы саны 1 млн 300 мыңнан астам құжат сақтаулы. Облыс­тық мемлекеттік архивте бүгінде 1 млн 79 мың құжат бар.

Құндылықты сақтайтын орын қат

Өңірлік мекеменің сақтау ғимараты не­бәрі 500 мың дана құжатқа арналған. Осыған орай тарихи құжаттарды сақтау орны жетіспей отыр.

– Жалпы, облыстағы архив­тердің барлығында орындар толуға жақын немесе толып тұр. Сақтау орындарын көбейту туралы жауапты министрлік­ке ұсы­ныстарымызды жіберіп, жаңа­дан қосымша ғимараттар салу­ға оң шешім алғанбыз. Бі­рақ былтыр бюджеттік шығын­дар оңтайлануға байланыс­­ты бұл жобалар тоқтап қалды. Биыл аудан-қалаларда жобалар қолға алынады деген се­нім­­деміз. Бірді-екілі ауданда ғана коммуналдық желілерге, жерге байланысты мәселелер ше­шілмеген. Егер құрылысқа ар­налған қаражат шешілетін болса, ол мәселелердің күр­меуін тарқатуға болады. Жаңа ғи­мараттар кезең-кезеңі­­мен тұрғы­зылуы керек. Қа­зір­гі жұ­мыс істеп тұрған архив меке­мелерінің тек екеуі ғана типтік ғимарат болып есептеледі (екеуі де облыс орталығында). Қалғаны бе­йімделген ғимараттар, – дейді об­лыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқарма­сы басшысының орынбасары Саяуыш Сәдуақасов.

Облыстық архивте сақтал­ған құжаттардың ең көнесі ХІХ ғасырдың басына тиесілі. Ал қордың денін өткен ғасырдың басынан бергі құжаттар құ­рай­ды. Архив саласында маман тап­­шылығы байқалып отырған жоқ. «Архив-2025» бағдарла­ма­сы аясында құжаттарды цифр­ландыру жалғасып жатыр. Бүгінге дейін 150 мыңнан астам құжат цифрланса, олардың басым бөлігі мемлекеттік іс құжаттарынан тұрады. Алдағы уақытта жеке тектік құжаттар да цифрлық жүйеге көшеді деген жоспар бар. Биыл облыстық архивтің қосымша 40 мыңдай құжатты электронды түрде таныстырамыз деген жоспары бар.

– Құжаттарды цифр­лан­дыру – қордағы қағаз жү­зін­дегі құжаттар жойылып ке­теді деген сөз емес. Архив құ­жат­тары кемі – 45, орташа 75 жылдай сақ­талуы керек. Ал кейбір маңызды құжаттар мәң­гілік сақталып тұра береді. Цифрланса да жариялауға жатпайтын құпия құжаттар да бар. Сондықтан барлығын цифрлық жүйеге көшіріп, таудай болып үйіліп тұрған қағаз құжатта­рын жою ойға сыймайтын дүние. Архивтерге сақтау орын­да­ры ауадай қажет. Ал сканерлен­ген құжаттарды жеке азаматтар қалаған уақытында кез келген жер­ден ашып көре алады. Е-архив жүйесі де жұмыс істеп тұр, – деп қосты басқарма өкілі.

Облыста цифрлық модульмен жұмыс істейтін мамандар мәселесі, қызметкерлердің біліктілігін көтеру үнемі назарда. Құжаттарды топтастырып, әр жыл сайын жинақ кітап­шалар шығару дәстүрге айнал­ған. Саяси қуғын-сүргін мен ашар­шылық жылдарына қа­тысты құжаттар соңғы бірнеше жылда жиі жарық көре бастаған.

Биыл өңірдегі архив қыз­метінің құрыл­ға­нына 100 жыл толып отыр. Со­­ған орай облыстық архивке қа­рай­тын ғимарат­тың біріне жөндеу жүргізілмек­ші. Қазір қазынадан қаражат бөлініп, мердігерді анықтау бо­йынша конкурстық іс-шаралар жүріп жатыр.

 

Павлодар облысы 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15