Таным • 26 Ақпан, 2025

Ғалам ғажаптары: «Балабақша» ұғымы қайдан шықты?

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мектепке дейінгі мекемені «бала­бақша» дейміз. Ағылшындар «kinder­garten», орыстар «детский сад», қытайлар «юэрюань», француздар «jardin d’enfants» дейді. Бәрі де осы «балалар бақшасы» деген мағынаны білдіреді.

Ғалам ғажаптары: «Балабақша» ұғымы қайдан шықты?

1837 жылы неміс педагогі Фридрих Фрёбель балалардың ойнап, ән айтып, билеп, өмірлік маңызды дағдыларды үйре­нуіне арналған білім мекемесін ашқан. Ол бұл орынды «Kindergarten» деп атады, яғни «балалар бағы» деген мағынаны білдіреді. Фрёбель бұл атау арқылы балаларды бағып-күту мен өсімдіктерді баптау арасындағы ұқсастықты көрсеткісі келді. Оның ойынша, балалар да гүлдер сияқты қамқорлық пен дұрыс ортада дамуға тиіс. Осылайша, Фрёбельдің идеясы әлемге таралып, балабақша ұғымы бала тәрбиесінің рәмізіне айналды.