Байқау • 28 Ақпан, 2025

Әкелі-балалылар Бангкокте топ жарды

93 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таиландтың астанасы Бангкокте Азияның ең үздік аймақтық спортшылары бас қосатын «Aiga asian championship 2025» турнирі өтті. Азияның түрлі елдерінен келген мықты спортшылар күш сынасқан тартысты жарыстан бейнеулік қос спортшы, әкелі-балалы Жеңіс Қайранов пен Еркебұлан Исламғали жеңіспен оралды.

Әкелі-балалылар Бангкокте топ жарды

Сурет: facebook.com/profile.php?id=100064902511837

Маңғыстауда ағайынды спортшы жігіттер Жеңіс пен Шыңғыстың есімі көпке мәлім. Жастар арасында ағалы-інілі қос жігіттің жаттығуына қатысып, соларға еліктеп, спортпен ай­на­­лысып жүргендер аз емес. Жеңіс бүгінде спорттағы жеңісті жолын ұлымен бірге жалғап келеді. Бір ауданның ғана емес, еліміздің атын асқақ­­татып, жеңіс жалауын желбіретіп жүрген әкелі-балалы спортшылар қа­­жырлы еңбегі­­нің арқа­сын­да Бангкокте топ жарды. Еркебұлан Исламғали 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында 55 кило салмақта 1-орынға ие болды. Жеңіс Қайранов 20 жас­тан асқан ере­сектер арасында, 60 кило сал­мақта бірінші орынды жеңіп алды.

Әкелі-балалылардың же­ңі­сі Бейнеу ауданының спорт­тық әлеуетін тағы бір мәрте көр­сет­кен, баршаға үлгі боларлық же­тіс­тік болды.

Қос спортшының жеңісі туралы өңірлік коммуника­ция­лар қызметінің хабарламасында: «Жеңіс Қайранов пен Еркебұлан Исламғали – грэпплинг тарихында айрықша із қалдыратын спортшылар, олардың жеңіс­і отбасылық құндылықтарға негіз­­­делген, қажырлы еңбек пен дәстүр сабақтастығының жемісі», деп жазылған.

 

Маңғыстау облысы