Өшпес даңқ • 28 Ақпан, 2025

«Отан соғысы» орденінің иегері

74 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Василий Григораш Алтай өлкесінде дүниеге келген. Майданда көрсеткен ерлігі үшін ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған.

«Отан соғысы» орденінің иегері

Сурет Өңірлік қорғаныс істері жөніндегі департаментінен алынды

Павлодар облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшілері мен жер­гі­лік­ті атқарушы органдардың өкіл­дері соғыс ардагері Василий Ива­но­вичті 99 жасқа толған күнімен құттықтады.

Өңірлік қорғаныс істері жө­нін­дегі департаментінің бастығы, майор Бекзат Оразов майдангерге соғыста көрсеткен ерлігі, жауын­герлік рухы мен Жеңіске қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

– Сіз адам айтқысыз қиындық­ты бастан өткеріп, жаудың алапат күшіне өз қаруластарыңызбен бірге қарсы тұрдыңыз. Сіздердің табанды ерліктеріңіздің арқасында Отанымызға көзін алартқан жаудың беті қайтып, жеңіс туын тіктік. Соғыс жылдары жасаған ерлік әлемдік тарих шежіресінде алтын әріптермен жазылып қал­ды. Бейбіт болашағымыз үшін жа­саған жауынгерлік істеріңіз үшін ұрпақ сізге дән риза, – деді ол.

Департамент басшысы Қор­ғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың атынан қарт майдангерге Алғысхат табыс етті.

Василий Григораш 1926 жылы 21 ақпанда Ресей Федерация­сы,­ Алтай өлкесінің Гурлинка ауы­лында дүниеге келген. Мек­тепті бітіргеннен кейін 17 жа­сында жас жауынгер әскер қа­тарына қызмет етуге аттанды. Аға сержант Василий Григораш Байкал әскери округі 293-дивизиясының құрамында соғысып, бөлім командирі болды. II дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен және басқа да мерейтойлық наградалармен марапатталған.

1951 жылы ол Павлодарға көшіп келіп, локомотив депосына жұмысқа тұрды. 1988 жылы зейнетке шыққанда еңбек кітапшасында бір ғана жазу – депода еңбек еткені туралы баяндалған.

– Жастарымыз ауырмасын, көңілдері қартаймасын. Отаны мен туған отбасын аяласын. Барлық отандасыма ұзақ ғұмыр тілеймін, – дейді Василий атай.

Қазіргі уақытта Ертіс-Баян өңірінде Екінші дүниежүзілік соғыстың алты ардагері тұрып жатыр.

 

ПАВЛОДАР 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15