Ауыр атлетика • 28 Ақпан, 2025

Светлана ПОДОБЕДОВА: Қиындықта қолдаған халқыма ризамын

92 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ауыр атлетикадан екі дүркін әлем чемпионы, жазғы Азия ойындарының чемпионы, Азия құрлығының үздігі Светлана Подобедова бүгінде Астана қаласында фитнес жаттықтырушы ретінде шәкірттер тәрбиелеп жүр. Даңқты спортшының қазақ еліне айтар алғысы шексіз.

Светлана ПОДОБЕДОВА: Қиындықта қолдаған халқыма ризамын

– Спортшылардың өзге елдің туы астында өнер көрсетуі, терін төгіп еңбек етуін қалыпты құбылыс. Мен де 2007 жылы Ресейден Қазақстанға қоныс аудардым. Туып-өскен елімде ауыр атлетика спортының әліппесін үйрендім, бәсекелестік қайнаған ортада өзімді қайрап, шыңдала түстім. Адам өсудің, ілгері жылжудың қа­мымен қарекет етуі керек. Мен де сол мақсаттың жетегінде Қазақстанға табан тіреп, тәубе, осы елдің атынан Лондон жазғы Олимпиадасына, жазғы Азия ойындарының аламанына қатысып, топ жардым. Әлем чемпионаттарында теңдессіз екенімді дәлелдедім. Осындай мүмкіндік тудырған қазақ еліне айтар алғысым шексіз.

Әлі есімде, қазақ топырағына алғаш табаным тигеннен-ақ өз қызындай қабылдап, ыстық құшағына қысты, бауырына тартты. Ауыр атлетика федерациясының басшылығына да алғысым шексіз. 2016 жылы басымызға қара бұлт төніп, допинг дауының дауылы үйіріп әкеткенде де федерация басшылығы қолдау көрсетті. Қанымыздан тыйым салынған препарат табылды деп Олимпиаданың алтын медалін қайтарып алғаны белгілі. Бірақ ауыр атлетика федерациясы әлем чемпионаты, Азия ойындары, құрлық біріншілігі сынды байрақты додалардан олжалаған медальдарымыздың өзімізде қалуына орасан септігін тигізді. Мая Манеза, Зульфия Чиншанлоның да әлем чемпионы атағы мен өзге де жеңістері өздерінің еншісінде қалды. Өзімнің келешегімді, ұлым Русланның бола­шағын Қазақстанның ертеңімен байланыстырамын, – дейді Светлана. 

 

Дайындаған –

Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ,

«Egemen Qazaqstan»

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15