Алматы • 03 Наурыз, 2025

Алматыдан 122 шақырым қашықтықта жер сілкінді

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы жер сілкінісін тіркеп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыдан 122 шақырым қашықтықта  жер сілкінді

Фото: istockphoto.com

Зілзала – бүгін Астана уақыты бойынша сағат 11:05-те тіркелген.

Дүмпу ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 122 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орын алған. Координаттары: 42.155º с.е. 76.487º ш.б. Тереңдігі – 15 шақырым. Энергетикалық класы – 9.99. Магнитудасы – 4.3. 

Сейсмологтардың дерегінше Қазақстан аумағында сезілмеген.