Байқау • 05 Наурыз, 2025

Кілем тоқып, оюды оқып...

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскеменде Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Ғасырлық дәстүрлер» атты кілем тоқушы шеберлердің арасында республикалық байқау басталып жатыр. Кілем тоқу – қазақ халқының ең көне қолөнерінің бірі. Осынау ата дәстүрді жаңғырту мақсатындағы шараға еліміздің кіл мықты қолөнер шеберлері жиналады.

Кілем тоқып, оюды оқып...

Суреттерді түсірген – автор

Бұл іс-шараны өткізу жолында облыстың бұрынғы әкімі, бү­гінде Премьер-министрдің орын­басары Ермек Көшербаев үлкен рөл атқарды дейді ұйымдастырушылар. Айта кетсек, Шығыс Қазақстан сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық му­зей-қорығында 352 бірегей кілем бұйымдары сақталған. Бұл жәдігерлер музей зерт­теушілері ұйымдастырған көп­жылдық этнографиялық экспедициялар кезінде жиналған. Кілем тоқу дәстүрі әсіресе, Катон­қарағай, Тарбағатай және Ұлан аудандарында да­мы­ған.

о

– Фестиваль халықтық кілем тоқу дәстүрлерін наси­хаттау және сәндік-қолдан­балы өнер шеберлерін қол­дау мақсатында өткізіледі. Шы­ғармашылық идеяларды талқылау және тәжірибе алмасу үшін арт-алаң құрылады. Былайша айтқанда, ұлттық өнерімізді заманға сай ың­ғайлап, саудаға шығаруды да көздеп отырмыз. Оның түп­кі мақсаты Шығыстағы туризм әлеуетін нығайту, – дейді Шығыс Қазақстан Қол­өнер­шілер ресурстық орталы­ғының жетекшісі Райса Мұхаме­джа­нова.

ро

Салтымызды көрсететін бұл байқауда көрермендердің назарына ғажайып кілемдер, киізден жасалған бұйымдар, гобелендер және сәндік-қол­данбалы өнердің басқа да үлгілері ұсынылады. Со­ны­мен қатар қолөнершілер өз бұйым­дарын, жабдықтары мен материалдарын көрсе­тіп, оқыту шеберлік дәрісте­рін өткізеді. «Ғасырлық дәс­түр­лер» фестивалі – жай ғана фестиваль емес, бо­ла­шақ ұрпаққа баға жетпес мәдени мұраны аманаттау мүмкіндігі.

ро

 

Шығыс Қазақстан облысы