Оқиға • 11 Наурыз, 2025

Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінен әйелдің мәйіті табылды

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқиға таңғы 6:30 шамасында қаладағы тұрғын үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінен әйелдің мәйіті табылды

Фото:Ашық дереккөз

Алдын ала мәлімет бойынша, әйел 18-ші қабаттан құлап кеткен. Марқұмның жасы 25 пен 35 аралығында деп болжанып отыр.

Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, Бостандық аудандық полиция бөлімі бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғаған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.