
Фото: Ашық дереккөз
8 наурызда елімізде 764 босану сәтті өтіп, 769 сәби дүние есігін ашты. Оның ішін 366-ы қыз және 403-і ұл бала. Сондай-ақ, бес егіз өмірге келген.
Жаңа туған нәрестелер саны бойынша көш басында Түркістан облысы – мұнда 126 бала өмірге келген. Екінші орында Алматы (76 сәби), одан кейін Шымкент (71) және Астана (65) қаласы тұр.
Еліміздің барлық перзентханаларында дәрігерлер аналар мен сәбилердің денсаулығын бақылауда ұстап, жоғары деңгейде қызмет көрсеткен.