Өндіріс • 12 Наурыз, 2025

«Қанатты» металдың жаңа межесі

42 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан электролиз зауыты «қанатты» металдың 4 миллионыншы тоннасын шығарды. Бұл рекордқа металлургтер кәсіпорын іске қосылып, алғашқы алюминий шығарылғаннан бері 17 жыл 2 ай дегенде қол жеткізіп отыр.

«Қанатты» металдың жаңа межесі

Павлодардағы Қазақстан элек­­­тролиз зауыты «қа­нат­ты» металл өнді­рі­сін бас­тағаннан бері бастапқы алюминийдің мерейлі 4 мил­лиондық тоннасын өндірді.

«4 миллионыншы тонна өнім­ді шығару – кәсіпорнымыздың жыл­намасындағы ерекше оқиға. Бұл ме­рейлі меже – біздің қыз­мет­керлеріміздің еңбегі. Олардың әр­қай­сысы өндіріске өз үлесін қосып жүр. Біз­дің ұжымның әрбір мүшесі­нің арқа­сында осы жылдар ішінде өндіріс та­быс­ты дамып, тиімді бола түсті. Қа­зіргі таңда кәсіпорында өндіріс дәс­түрлерін лайықты жалғастырып, жаңа же­тістіктерге қол жеткізіп жүрген 2 мың­нан аса қызметкер жұмыс істеп жатыр», дейді «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ өндіріс жөніндегі дирек­торы Мұрат Жұмабаев.

апр

Металлургтер үшін алғашқыда төрт миллион тонна алюминийді елес­тетудің өзі ғажайыпқа тең еді. Егер 4 миллион пакетті бір қатарға қойса­ңыз, Павлодардан Мәскеуге дейінгі аралық­қа жол салуға болар еді. Ал егер мұн­дай көлемді теміржолмен тасымалдар болса, онда 65 мың вагоннан тұратын құрам қажет болады.

17 жылда электролиз зауыты ха­лықаралық стандарттардың барлық тала­бына сай отандық алюминий шы­ғарып келеді. Зауыт – еліміздегі жалғыз бастапқы алюминий өндіруші. Оның өнімдері бүкіл әлемде сұранысқа ие. Бізде өндірілген бастапқы алюминий­ді көптеген отандық кәсіпорын, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердің компаниялары сатып алады.

Маңызды оқиғаның құрметіне орай өндіріс үдерісіне үзбей араласып, төрт миллионыншы тонна алю­ми­ний құюға тікелей қатысқан қыз­меткер­лер Алғысхаттармен марапатталды. Со­лардың бірі – алюминий өндірісіндегі автоматтандырылған үдерістің операторы Әділбек Жаңабаев.

«Мен әрбір миллиондық тоннаны құюға қатыстым. Осымен төртінші рет миллионыншы тоннаны жөнелтіп отырмын. Өз қолымызбен және көз ал­дымызда кәсіпорынның тарихы жазы­лып жатыр. Бұл сәт – біз үшін ауқым­ды мереке, зор мақтаныш. Менің ауы­сымымдағы әріптестеріммен мерей­тойлық іс-шараға қатысу құрметіне ие болдық. Металлург ретінде ерекше тол­қып тұрмын. Өйткені біз өз қолы­мыз­бен елдің металлургия өнер­кәсі­бінің тарихын жасап жатырмыз», дейді ол.

Айтып өтейік, зауыттың бірінші кезегі іске қосылған 2007 жылдың соңына қарай металлургтер 11 мың тонна бастапқы алюминий өндірген. 2010 жылы өндірістің екінші кезегі іске қосылған кезде кәсіпорын жобалық қуат – 250 мың тоннаға жетті. Жыл сайын өндіріс динамикасы өсіп, зауыт қазірдің өзінде 264,5 мың тонна «қанатты» металл беруге қабілетті.

 

Павлодар облысы 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15