Кино • 12 Наурыз, 2025

Көпті ойландырған туынды

62 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұған дейін ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Ақберен Елгезектің «Болмаған балалық шақ» повесі кітап болып қолдан-қолға өткені белгілі. Кейін спектакль ретінде қойылғаны өз алдына, қазір көркем фильм еліміздің кинотеатрларын кезіп жүр және көрермен жақсы қабылдап жатқанын айта кеткен жөн.

Көпті ойландырған туынды

Астанада автордың «Бол­маған балалық шақ» по­весінің желісі бо­йынша түсірілген фильмнің жабық көрсетіліміне қоғам қайраткерлері мен депутаттар, зиялы қауым өкілдері қа­тысты. Кинотуынды ақын, жазушы Ақберен Елгезектің өз өмір жолына негізделген. Яғни фильмдегі бас кейіпкер Ақош – автордың прототипі. Туындының режиссері Айдын Сахаман есімі көрерменге осыған дейін «Дос-Мұ­қасан» фильмі арқылы жақсы таныс.

«Автобиографиясы жоқ адамнан ақын да, жазушы да шықпайды. Сондықтан «Болмаған балалық шақты» керемет туынды деп айта аламын» деді фильм премьерасына қатысқан жазушы-драматург Роза Мұқанова.

Фильмді тамашалап, көз жасын тыя алмай жылап шыққан кө­рер­мендер де бар. Ал басты рөлді ойнаған Алмасбек Шәкәрім небәрі 11 жаста ғана екен. Ақынның балалық кейпіне енген оның бұл – дебюттік образы. Жас та болса күрделі рөлді бейнелеп, көрмеген ба­ла­ның сезім арпалыстарын жеткі­зуде оған әкесі, актер Мақсат Рахмет кө­­мек­тесіпті. Шытырманға толы бест­сел­лерді өзі де оқып, тұшынғанын айтады.

 – Әуелі шығарманы оқып, ой елегінен өткіздім. Содан кейін оны зерттеп, өз рөлімді талдадым, – дейді жас талап.

Фильм балалығы ауыртпашылық пен тақсіретке түскен Ақоштың тағдыр-талайын суреттейді.

– Киноның басты қазынасы жас актердің жақсы таңдалғаны деп білемін. Үлкен актерлер шеберлікке са­лып, өз рөлін ойдағыдай алып шыға алады. Ал жас актерді табу оңай емес, – дейді автор, ақын-жазушы Ақберен Елгезек.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15