
Содан оқушы қыз Катаевтың үйіне келіп, тапсырманың жауабын жазушының өзінен сұрап алған. Бірақ бір қызығы, оқушы жазған шығармасы үшін «үш» деген баға алыпты. Себебі мұғалімі «Катаев мүлде басқа нәрсені ойлаған» депті. Осылайша, жазушының өз шығармасының мәнін түсіндіруі мектеп бағдарламасына сәйкес келмей қалған.