Аймақтар • 17 Наурыз, 2025

Батыс Қазақстанда 18 гидротехникалық құрылыс жөнделді

52 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Су тасқынына дайындық шеңберінде БҚО-да 19 гидротехникалық құрылысты жөндеу 2024 жылы басталып, бүгінде 18 нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталған, ал 1 нысанды жөндеу осы айдың соңында аяқталмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Батыс Қазақстанда 18 гидротехникалық құрылыс жөнделді

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі

Бұдан бөлек, 3 су қоймасын (Жаңа өмір, Ұзынкөл, Кемер) және 2 бөгетті (Успен, Бесағаш) жөндеу жұмыстарын мәресіне жеткізу жоспарланып отыр.

Сала министрлігінің мәліметінше, сонымен қатар, 58 жылда алғаш рет Киров су қоймасына кешенді реконструкция жасалды. Бүгінде Үлкен Өзен және Кіші Өзен өзендерінде су қоймаларын салуға, сондай-ақ Бітік, Дөңгелек, Пятимар су қоймаларын реконструкциялауға дайындық жүріп жатыр. Құрылыс-монтаждау жұмыстарынан бөлек, биыл облыста 9 су қоймасына көп факторлы зерттеу жүргізу жоспарланып отыр.

«Облыстық «Қазсушар» филиалы өңірдегі су қоймаларында бос сыйымдылықтарды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізді. Су деңгейіне тұрақты мониторинг және тәулік бойы кезекшілік жүргізіледі. Сондай-ақ ресейлік әріптестерімізбен тұрақты ақпарат алмасудамыз», деді БҚО бойынша «Қазсушар» филиалының директоры Рауан Хусаинов.

Соңғы жаңалықтар

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20

Әзизаның дебюті

Өнер • Бүгін, 10:10