Президент • 18 Наурыз, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путин мен Дональд Трамптың келіссөзіне қатысты пікір білдірді

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путин мен Дональд Трамптың Украина бойынша телефон арқылы келіссөзінің қорытындысын құптайды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путин мен Дональд Трамптың келіссөзіне қатысты пікір білдірді

- Президент екі елдің көшбасшылары нақты уағдаластықтар негізінде Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аса маңызды ұзақмерзімді бейбітшілікке қол жеткізуге ниетті екендерін көрсетті деп санайды, - делінген Ақорда таратқан ақпаратта.

Мемлекет басшысы бұған дейін барлық державаларды Украина бойынша «Бейбітшілік формуласын» әзірлеу мақсатында келіссөздер процесін бастауға шақырып, БРИКС саммитінде Қытай мен Бразилияның бейбітшілік жоспарын қолдаған болатын.