Көрме • 27 Наурыз, 2025

Сюрреалистік суреттер

38 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал қаласындағы «Атамекен» өнер ор­талығының көр­ме галереясын­да сюрреалист су­ретші Нұртай Жәр­демовтің «Қиял коды» атты дербес көрмесі өтіп жатыр.

Сюрреалистік суреттер

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі ұйымдастырған көрмеде 80 жұмыс қойылған. А.П.Бо­­голюбов атындағы Саратов көркемсурет учи­лищесін және М.Өтемісов атындағы БҚМУ-ды бітірген Нұртай Екпінұлы – бұған дейін де республикалық, халықаралық конкурстарда лауреат атанып жүрген танымал суретші. 2020 жылы Кипрде өткен «Kıbrıs Modern Sanat Museum» жобасындағы суретшілер симпозиумына қатысқан.

1

Көрмеге қойылған бояуы қанық, кең көлемді картиналар келушінің жанарын бірден өзіне тартып, автордың жұмбақ әлеміне жетелейді. Мұндағы көп жұмыс еш­қандай канон, ереже, заңды­лықтарға ба­ғынбайтын, ке­рісінше қа­лыптасқан қағи- д­аларды бұ­зып жіберетін сюрреализм бағытында са­лынған.

2

«Бұл туындылар адам табиғатын зерттеуге ба­ғытталған. Мен дербес көр­мем арқылы адам баласын түрлі зиянды әдеттерден аулақ болуға, өмірден өз орнын таба білуге, өз болмысын, табиғатын танып-түсінуге шақырғым келді. Өйткені өзін-өзі зерттемеген адам көзі байлаулы со­қырмен бірдей ғой», дейді автор.

3

Көрмеден филосо­фиялық бағыттағы картиналарды ғана емес, сонымен қатар отансүйгіштікке баули­тын патриоттық тақы­рыптағы әрі әлемдік өнер жұлдыздарына арнап жа­зыл­ған туындыларды да та­ма­шалауға болады.

4

 

Батыс Қазақстан облысы