
Оқиғаға қатысты қалалық Полиция департаменті түсініктеме берді. Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы бүгін 15:30-да Алматының Алмалы ауданында болды.
«Jetour» маркалы көліктің жүргізушісі Бөгенбай батыр көшесінің оңтүстігіне қарай, Байзақов көшесінің бойымен солтүстік бағытта келе жатып, рұқсат етілмеген жерден шығыс бағыттағы жолды кесіп өтіп бара жатқан 7 жасар баланы қағып кеткен.
Соққыдан жаяу жүргінші қарсы бағытта келе жатқан «Хюндай» көлігіне соғылды.
Өкінішке қарай, бала алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
«Адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша (ҚР ҚК-нің 345-бабы, 3-бөлігімен) Алматы қалалық ПД анықтау басқармасы қылмыстық іс қозғады», – деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.