Меркі ауданында меринос қойдың жаңа тұқымы пайда болды. Осы аудандағы Меркі асыл тұқымды қой зауыты етті әрі жүні де сапалы түліктің бұл түрін өмірге әкелу үшін жарты ғасырдай уақыт тер төгіпті. Жақында ғана бұл жаңалықты растауға келген мемлекеттік және шетелдік комиссия қой тұқымын сараптамадан өткізді. Сонымен, асыл тұқымды биязы жүнді қой «Қазақстан мериносы» деген атау алды.
– Ғалымдардың арқасында асыл тұқымды қой шаруашылығындағы мамандармен бірлесе отырып, біз қойдың Австралияның мериносына пара-пар келетін, жүнінің сапасы жағынан ешбір қалыспайтын, ал бірақ жергілікті жерге жақсы бейімделген, өсімтал, салмағы үлкен қойдың жаңа тұқымын дүниеге әкелдік деп айтуға болады. Асыл тұқымды «Қазақстан мериносының» біреуі 14-15 кило сапалы жүн береді. Етті келеді. Салмағы 120 килоға барады. Жазда – жайлауға, қыста құмға айдауға да бейім, – дейді Қазақ қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры Серік Оспанов.
Бұл тұқымның бұрынғы өсіріліп жүрген «Оңтүстік қазақ мериносынан» ерекшелігі – жүнінің сапасында. Қазір сапалы биязы, жіңішке талшықты жүнді қойларға сұраныс өте жоғары. Жүннің ұзындығы, жүннің тығыздығы өте жоғары. Меркі ауданындағы Асыл тұқымды қой зауыты – еліміздегі іргелі шаруашылықтардың бірі. Қазір мұнда 26 мыңнан астам қой бар. Шаруашылық ұжымы алдағы уақытта төлдердің санын арттырып, одан әрі жетілдіруді қолға алуда. Бүгінде бұл шаруашылықта 300-ден астам ауыл тұрғыны еңбек етеді. Олардың өсіріп отырған қойлары енді еліміздің өзге аймақтарында да өрістемек. Қазірдің өзінде көптеген шаруалар асыл тұқымды қойларды алуға ниет білдіріп отыр.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Жамбыл облысы.

Қазақстан Иранға гуманитарлық көмек көрсетті
Саясат • Бүгін, 10:08
Президент Түркістан облысының әкімі мен өңір тұрғындарына ризашылығын білдірді
Саясат • Бүгін, 09:50
Экономика • Бүгін, 09:27
Бүгін сыртқа көп шықпаған жөн: Төрт қалада қолайсыз метеожағдай күтіледі
Ауа райы • Бүгін, 09:18
Исламофобия: Сынақ һәм аңдысқан ағайын
Руханият • Кеше
Географиядан ұлттық олимпиада жеңімпаздары анықталды
Білім • Кеше
Қазақстанда жауын-шашынды жасанды көбейту жобасы іске қосылды
Экология • Кеше
Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Кеше
«Музей түні»: Ел тұрғындарын қандай тосынсыйлар күтеді
Мәдениет • Кеше
Шетелдік инвесторлар үшін «Алтын виза» режимі енгізіледі
Экономика • Кеше
Президент зерделі ұлт қалыптастыруға арналған жарлыққа қол қойды
Президент • Кеше