Спорт • 05 Сәуір, 2025

Алматы облысында картингтен ел чемпионатының бірінші кезеңі басталды

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төрт кезеңнен тұратын халықаралық санаттағы картингтен ел чемпионатының алғашқы кезеңі алдағы демалыс күндері Іле ауданында өтеді.

Алматы облысында картингтен ел чемпионатының бірінші кезеңі басталды

Жаңа маусымның алғашқы кезеңі еліміздегі картинг спортына қызығушылық танытқан спортшылар үшін маңызды дода болмақ. Ал, 2025 жылғы маусымның жүйрігі төрт кезеңнің қорытындысымен анықталады.

Жарыс Алатау баурайындағы орта Азиядағы заманауи әрі халықаралық талаптарға сай «Sokol» бірегей спорттық техникалық кешенінде өтуде.

Мұнда жас спортшылардың кәсіби дайындықтарын жетілдіруге мүмкіндік беретін жоғары деңгейлі инфрақұрылым жасалған. Бұл - өз кезегінде техника мен технологияны жетік меңгерген болашақ мамандарға бағыт-бағдар беретін, бірден-бір кәсіби бағдарлау кешені.

Өнеркәсібі дамыған Еуропа елдерінде техникалық спорт түрлері, кәсіби инженерлер мен машина жасау саласының мамандарын даярлаудың негізгі баспалдағы саналады. Қазақстанда да бұл спорт түрін дамыту арқылы, техникалық білім мен өндірістік салаға қызығушылықты арттыру, жоғары білікті мамандарды даярлауды арттыру қажет.

Нұрпейіс Қонысбай, автомотоспорттан мемлекеттік жаттықтырушы