
Мамандардың айтуынша, қазір санитарлық жұмыстар кестеге қойылған. Облыстық санитарлық – эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Гүлмира Сыздықованың айтуынша, былтыр облыста 115 елді мекен қолайсыз деп танылса, биыл олардың саны – 111 болып тұр. Жыл сайын қаржы бөлініп, осындай елді мекендерде кенеге қарсы өңдеу шаралары екі кезеңде жүзеге асырылады. Биыл ол 9 сәуірден басталмақ. Алғашқы болып Шиелі, Жаңақорған аудандарында жүргізіледі.
Өткен жылы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша эпидемиологиялық ахуал қолайсыз саналыпты. Ауруға күдікті 18 жағдай тіркеліп, оның 9-ы клиникалық, эпидемиологиялық және зертханалық жолмен расталған.
Ал биылғы екі айда 23 адамды кене шағып, олар медициналық көмекке жүгінген.