
Қазақстандық ұлттық дерек орталығының жедел дерегінше, жер асты дүмпуі 10 сәуірде 01:40-та тіркелген. Эпицентрі Құлсарыдан оңтүстік-шығысқа қарай 120 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы - 4,3, ал энергетикалық класы - 9,1.
«Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ», делінген хабарламада.
Еске салайық, 28 наурызда түнде Жамбыл облысының бірқатар ауданы мен Тараз қаласында жер сілкінісі тіркелді.