Спорт • 14 Сәуір, 2025

Алан Құрманғалиев халықаралық турнирде топ жарды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық жас спортшы Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Францияның Мец қаласында өткен халықаралық WTT Youth Star Contender Metz турнирінде топ жарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алан Құрманғалиев халықаралық турнирде топ жарды

Фото: olympic.kz

Ол 19 жасқа дейінгі санатта сынға түсіп, алтын медаль иеленді. Құрманғалиев турнир барысында әлемнің әр түкпірінен келген мықты қарсыластарын сенімді түрде жеңіп шықты.

Қазақстандық теннисші ағылшын Коннор Гринді және пуэрторикалық Энрике Риосты 3:0 есебімен жеңді. Одан кейін оңтүстік кореялық Ма Ён Мин (3:1) мен француз Флавио Мурьен (3:2) де Аланның қарқынына төтеп бере алмады. Жартылай финал мен финалда ол кореялық Ли Сын Суды, румын Юлиан Чиритуды және тайбэйлік Ян Хао-Дженді 3:1 есебімен ұтып, чемпион атанды.

Соңғы жаңалықтар

Төрт адамның өмірін сақтаған

Медицина • Бүгін, 08:05

Төрт жасар жазушы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Әлеуметтік нысан ашылды

Аймақтар • Бүгін, 07:55

Жәкеңнен қалған жәдігер

Көрме • Бүгін, 07:53

Ең алып мұрал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:50

Елена Рыбакина – финалда!

Теннис • Бүгін, 07:38

Бір мезетте – мың сабақ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:33