Табиғат • 17 Сәуір, 2025

Үстірт арқары фототұзаққа түсіп қалған

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы жабайы жануарлардың сирек кездесетін мезеттерін түсіруді жалғастырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Үстірт арқары фототұзаққа түсіп қалған

Фотолар: Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Қызыл кітапқа енген Үстірт арқары осы жолы фототұзаққа «Сарыбұлақ» суатында түсіп қалған.

Аталған сирек түрдің кездесуі – олардың айтарлықтай өсуін көрсететін белгі іспетті әрі жабайы жануарларды сақтау тұрғысындағы экожүйелі жұмыстың нәтижелерін айғақтайды.

Фототұзақтар – сирек әрі жасырын өмір сүретін жануарларды бақылау тұрғысында маңызды рөл атқарып, оларды зерттеуге мүмкіндік береді.

архар